Директор сағатының ақпараты

Дата: 2021-08-18 09:44:42
 Директор сағатының ақпараты
17 тамыз күні 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына «№9жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры Д.Жолдасова «Директор сағатын» өткізді. Мектеп басшысы өткен оқу жылындағы жетістіктерге тоқталып,ата-аналарға жаз мезгілінде мектепте атқарылған жөндеу жұмыстары туралы айтып өтті. Тоқталған мәселелер 1-сыныпқа қабылдау, оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп формасы туралы болды. Биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктер айтылды, олардың қатарында 45 минуттық сабақ уақыты, хабарланды. Ата-аналар мектеп директорына мектеп асханасының жұмысы, мектепке оқушылардың қабылдану реті туралы, сұрақтар қойып, толық жауап алды.
Автор: №9 ОМ