«Туған елім,көкке жетті көк туың»
Дата: 2021-04-27 13:26:23
Бүгін, 10.03.2021ж Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында мектеп кітапханасында «Туған елім,көкке жетті көк туың» атты Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155жыл толуына орай ұйымдастырылған танымдық сағат өтті.Аталған шараға 9 сынып оқушылары қатысты.
Мектеп кітапханашысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ел тірегі» және «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты қойылған кітап бұрыштарына шолу жасап,тәлімдік,тәрбиелік мәні бар ақпараттар берді.Биылғы мерейлі жылға тұспа-тұс келіп отырған Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына тоқталды.Мақсаты: Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.