Размер шрифта:

Ел қорғаушылар күніне арналған ертеңгілік.

Дата: 2014-05-14 10:18:41
Ел қорғаушылар күніне арналған ертеңгілік.

Жалпы білім беретін № 9 орта мектебі «Інжу» шағын орталығының «Балауса» тобында 2014 жылдың 6 мамырында «Ел қорғауға әзірміз» атты ертеңгілік болды.

Тәрбиешілер Бекарисова Б.И., Турсынбек Ж. Т. еліміздің әскерлері, батыр, ел қорғайтын, ер жүрек жауынгерлер туралы айтты. Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып, бірлікті, бейбітшілікті, татулықты, тыныштықты қолдайтынын білдірді.

Руслан, Айкүнім, Айым, Наздана, Әділ, Аири, Нұрасылдар Отан қорғаушылар туралы тақпақтар айтты. «Ел қорғауға әзірміз» ұлдар би биледі.

«Солдат болам мен ертең»  хормен ұлдар ән айтты. «Домбыра» биін қыздар биледі. Рысжанова Аири үнді биін биледі. Балалар ертеңгілікке қызығушылықпен қатысты. Ұл балаларды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, сыйлықтар таратты.

Автор: №9 ОМ