"Мен бәрін білгім келеді" тақырыбында аптаның ашылуы

Дата: 2021-03-10 16:56:16
Балқаш қаласы білім бөлімінің №9 жалпы білім беретін мектебі "Інжу" шағын орталығы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығы. "Мен бәрін білгім келеді" тақырыбында аптаның ашылуына орай ортаңғы топ тәрбиеленушілері "Көңілді аққала" "Жаңа бұршақ" тақырыбында ойын әрекетінің элементтерін қолданып, ойындар ойнады. Тәрбиешілері көңілді аққала қандай болатынын түсіндіріп, аққала туралы мағлұматтар беріп өтті. "Жаңа бұршақ" кіріктірілген сабағында, бұршақ тұқымын отырғызды. Ересек топ "картоп тағамдары" тақырыбында қызықты ойын ойнатып, картоп біздің үстелге қалай келетінін білді. Мектепалды даярлық топтары "Нан қайдан келеді " "Суды тазартамыз" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізді. #удивительноерядом#krg
Автор: №9 ОМ