Аты аңызға айналған қазақтың Қара майорымен кездесу

Дата: 2018-10-18 09:26:55
Аты аңызға айналған қазақтың Қара майорымен кездесу

Аты аңызға айналған қазақтың Қара майорымен кездесу
Тәрбиенің ішіндегі ең оттысы, өтімдісі – па¬триоттық тәрбие. Міне, жас жеткін¬шектерге патриоттық тәрбие беруде ауған соғысының ардагерлерінің орны ерекше болмақ. Өзгелерге өне¬гелі өмірді көрсеткеніміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлан» әскери -патриоттық қозғалысы» Алматы қаласындағы 177-ші мұсылман батальонының мұражайына экскурсия ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында Ауғаныстан соғысының ардагері аты аңызға айналған қазақтың қара майоры Ауған соғысының ардагері, бас штабтың барлау басқармасының арнаулы әскерінің 177 бригадасының командирі Керімбаев Борис Төкенұлымен кездесу өткізілді. 1981-83 жылдары Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында айрықша тапсырма үшін жасақталып, үлкен дайындықтан өткен отряд командирі болған Қара майор Ауғанстандағы соғыс жылдарын, соғыста жанкештілігімен, еп¬тілігімен, ержүректігімен, әскери ше¬берлігімен, тапқырлығымен, ұт¬қыр¬¬лығымен отряд солдаттарын қалай басқарғаны туралы еске алды. Осы ерлік туралы өз аузынан есту үшін жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 16 ұланы арнайы Алматы қаласына барып қайтты. Ұландар музейдегі сақталған мұрағаттармен танысып, ауған жауынгерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Керімбаев өзінің ерлігімен, өрлігімен, еңбегімен жеңіп алған тарихи орны ерекше. Өйткені, ол – халықтың «Қара майоры». Бұл ерліктің мәні мен маңызы оқушылар үшін ерекше болды.

Автор: №8 ОМ