Пікір

Дәреже: ЖОЛДАУЛАР

.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

2023-09-17 14:29:06

Скачать Смотреть

Жолдауға пікір

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы әрбір Қазақстан азаматының ерекше назарын аударды. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбында бастау алған бұл жолдау еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістеріне бағытталды. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Кезекті маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады.» - дей келе білім саласындағы олқылықтар мен өзгерістерге тоқталды. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс екендігі атап айтылып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы таныстырылды. Бұл жоба 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасауымен қатар, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп мәселелерін қарастырмақ. Алдағы уақытта мектеп формасын барша оқушыға қолжетімді ету мәселесі де негізге алынады. Қоғамда болып жатқан қазақ және орыс тілін мектептерде оқыту мәселесі бойынша болып жатқан пікірталастарға тоқтау айтылып, президент «білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде» деп өз пікірін нақтылады. Жолдауды тыңдай отыра «Жаңа Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екендігін» біз де сезінеміз! Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бексултанова Баян Маратқызы

2022-09-01 16:00:56

Скачать Смотреть

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді.

2022-04-04 18:59:04

Скачать Смотреть

Президент жолдауына пікір

01.09.2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады.Жолдауында Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болғандығын атап өтті. Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Жолдауда Тәуелсіздігіміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз туралы айтып, біртұтас тұғыры мығым, биік ел болу үшін тынымсыз ізденіп, тыңбай еңбектену қажет екенін баса айтты. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Мемлекет соңғы уақытта әлеуметтік мәселелерге жиі көңіл аударып жатыр. Оның ішінде зейнетақы, жалақы мен түрлі жәрдемақы да бар. Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе - зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі. Өте жақсы бастама, оның үстіне үлкен қалаларда тұрғын үй мәселесі өткір. Сонымен қатар қарапайым халықты толғандыратын басты мәселе - азық-түлік бағасымен, келешекте 800 мектептің орнына 1 мың мектеп салу керектігі айтылды. Сондай-ақ еліміздегі жер-жаһанға зор қауіп төңдірген пандемияға қарсы күрес әлі жалғасуда. Президент Пандемия кезіндегі қашықтан оқытудың салдары білім саласындағы түйткілді мәселелерді көрсетіп берді. Үкіметке осы мәселеге жіті назар аударып, шешімін табуды тапсырды. Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздегі жетекші ғалымдарға жалақы төлеу мәселесін де шешу қажет екендігін айтылып, ғылым саласын дамытуға басымдық беруді тапсырды. Еліміз үшін бұл жолдаудың маңызы зор деп есептейміз.

2021-09-29 21:57:59

Скачать Смотреть

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда. Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік. Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет. Менің Қазақстан халқына биылғы Жолдауым мынадай мәселелерге арналады.

2021-09-29 19:58:14

Скачать Смотреть

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері! Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын! Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын. Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек. Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.

2020-09-03 09:07:54

Скачать Смотреть

Қазақстан президенті "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдауы

Қазақстан президенті "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдауы

2019-10-17 10:05:35

Скачать Смотреть

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ Құрметті қазақстандықтар! Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық. Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық. Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді. Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді.

2018-10-21 13:39:08

Скачать Смотреть