Балқаш қаласының 80 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар
Сүйікті қаламыз Балқашқа биыл 80 жыл толып отыр. Қаламыздың осы мерейтойына арналған іс –шаралар 04-қаңтардан қазан айы аралығына жоспарланды. Қаңтар айының 9-ы күні қаламыздың 80 жылдығына орай салтанатты лездеме болып өтті. Ортаға жүргізушілер шығып, Балқаш қаласының тарихына шолу жасады.
Балқаш қаласына 80 жыл, яғни бір кісінің ғұмыры десекте болады. Балқаш табиғаттың аса күрделі жағдайында іргесі қаланған қала. Балқаш, мыңдаған адамдардың ерен еңбегінің арқасында бой көтерді:
Ең алғашқы ғимарат Максим Горький атындағы №1 мектеп, халықтар үшін мектеп пен тұрғын үй бірінші қажеттілік болатын
Балқаш тұрғындарының көпшілігінің тағдыры мыс комбинатымен тығыз байланысты, біреулер осыныда жұмыс істесе, біреулердің туысы осында. Қала мен завод егіз ұғым, көл жағасындағы мыс отаны бірнеше ұрпақтардың жемісі, оны қалалықтар мақтан тұтады.
Сәулетшілер мен қүрылысшылар бар өнерін сала отырып, шаһардың көрікті келбетін жасады, енді, Балхашты өзге қалалармен шатастыра алмайсың.
Мектеп директоры А.Т.Төкейбекова құттықтау сөз сөйлеп, алдағы жеңістер мен жетістіктер қаламыздың мерейтойына арналатынын айтып өтті.
Өз қаласын мақтаныш санайтын мектеп өнерпаздары қала туралы мәнерлеп өлеңдер оқып,би билеп, ән айтып өнерлерін көрсетті.