«Капитан мен тәрбиеші»

Дата: 2016-06-13 06:03:24
«Капитан мен тәрбиеші»

ЖББ №8 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Капитан мен тәрбиеші» сайысы өтті. Бұл сайыс Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Сайысқа №2 Абай атындағы лицей,№7 мектеп гимназиясы,ЖББ №5 орта мектебі,ЖББ №9орта мектебі,ЖББ №8 орта мектептері қатысты.
Сайыс Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды.Сайыс 6 кезең бойынша жүргізілді.
Сайыстың бағдарламасы.
1 «Таныстыру»

2. «Кім мерген»
3. «Тәуелсіздікке тарту»Үй тапсырмасы
4. «Қаппен секіру"
5. «Кім шапшаң,кім епті?»
6. «Кел билейік»
Сайыс өте қызықты,өте тартымды өтті.
Балқаш өңірі газетінің  редакторы сөз сөйлеп,жеңімпаздарды марапаттады.