1 Қыркүйек- Білім күні.

Дата: 2014-10-15 10:11:55
1 Қыркүйек- Білім күні.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар, қонақтар!

Бүгін еліміздің білім беру саласы үшін маңызы аса зор күндердің бірі. Білім күні мәртебесіне ие болған 1 қыркүйек барлық білім беру ошақтарында жаңа оқу жылының бастлуымен ерекшеленіп, жас ұрпақтың болашағы үшн жаңа серпін берер күн.Себебі, әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та орта білім беру саласын осы себепті басты назарда ұстап, жеткіншектеріміздің лайықты, бәсекеге қабілетті білім алуына барлық жағдай жасауда.Біздің мектебіміз де бұл мерекені айрықша көңіл-күймен қарсы алуда.  Мектеп 2014-2015 оқу жылын бастауға толық дайын. Жаз бойы мектепте тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді, 650000 әскери бөлімшесінің көмегімен кадет сыныптары үшін дайындық алаңы  жасалды, көпсалалы корт жаңаланды,  мектебіміздің компютерлің паркі 40-тан аса жаңа компютермен толықты.Бұл – мемлекетіміздің, қала басшылығының мектебімізге көрсеткен қамқорлығының бір бөлігі ғана.

Сондықтан жаңа оқу жылы біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктейді.  Оқу жылын 800-днен аса оқушымен, 35 сыныпппен бастағалы отырмыз. Мектебіміздің табалдырығын 70-ке тарта бірінші сынып бүлдіршіндері аттамақ. Жаңадан ашылған 5-ші сыныпқа конкурстан өткен 17 жас кадет қабылданды.
Ал 11 сыныптардағы 33 оқушы үшін бүгін соңғы рет алғашқы қоңырау соғылмақшы.  Осылардың әрқайсысы үшін бүгінгі күн толғанысқа толы. Дегенмен мектеп ұжымы, ұстаздар қауымы алңа нақты да межелі мақсаттар қойып, сол мақсаттарға жету үшін ерінбей еңбек етпек. Білімі бәсекелі, рухы биік, патриоттық сезімі жоғары ұрпақ тәрбиелеу үшін барынша күш салмақ.


Алдымыздағы жылы Ұлы жеңістің 70 жылдығын, Конституциямыздың 20 жылдығын, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтпекпіз. Мектебіміздегі  патриоттық тәрбие жұмысының негізгі тақырыбы да осы даталарға негізделетін болады.Бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық  ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.  Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі - жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап,  Елбасының Қазақстан халқына жолдауларынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалықІзденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар!
Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы оң, қадамы құтты болсын!Білім күні баршамыз үшін жаңа белестер мен биіктерге жол ашқан құтты күн болсын!