«Жазғы уақыттағы судағы және су жағалауындағы қауіпсіздік»

Дата: 2021-05-11 09:37:43
2020-2021 оқу жылының 06-мамыр күні сағат 17:00-де zoom платформасы арқылы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен жазғы уақыттағы қауіпсіздікті ұйымдастырылуы барысында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.Жиналысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ибышева Марал Есенқызы жазғы мектептің ұйымдастырылуы мен оның жұмыс істеу барысы туралы мәлімет беруден бастады. Мектеп медбикесі Сатбекова Мақпал Қалиасқарқызы пандемия кезіндегі сақтық шараларын айтып, оны қатаң түрде орындау керек екендігін ескертті. «Жазғы уақыттағы судағы және су жағалауындағы қауіпсіздік» туралы Балқаш қаласы құтқару бөлімінің құтқарушы медбикесі Абжанова Багдат Сатбекқызы айтып өтті. «Жасөспірімдерге де заң бар» құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының полиция капитаны Кобелдесова Сая Талғатқызы маңызды ақпараттар беріп, балалардың қауіпсіздігі үшін барлық ережелер мен шарттарды естен шығармай, үнемі балаларға айтып отыру керектігін ескертті. Балқаш қаласы төтенше жағдай бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерланов Инкар Ерланұлы өрттің қалай пайда болуы мүмкін екендігі мен оның алдын алу және өрт кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы толық мағлұматтар берді.Ата-аналар тарапынан қонақтарға сұрақтар қойылды. Сұрақтарға толық қанды жауап алып, алғыстарын білдірді.
Возможно, это изображение (1 человек)
Возможно, это изображение (3 человека и экран)
Возможно, это изображение (1 человек)
Возможно, это изображение (1 человек)
Нет описания фото.
Возможно, это изображение (3 человека и текст «5% 17:55 маржан кузембаева дуанбекова ардак азатайдын6в айдын бB Reno OPP z»)
Возможно, это изображение (4 человека)
Возможно, это изображение (2 человека)