Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру

Дата: 2020-02-04 15:11:25

22 қаңтар күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты  негізгі мектеп бітіруші 9 сынып оқушыларының  ата-аналарына кәсіптік  бағыт-бағдар беру жиналысы ұйымдастырылып өтті.  Жиналыстың  өткізілуіндегі басты мақсат – баланың  өзі таңдаған мамандығына қолдау көрсету ата-ананың қосатын үлестерінің зор екенін көрсету.

Кәсіптік бағыт-бағдар беру жиналысына қалалық оқу орындарынан  осы бағытта жұмыс жасап жүрген кәсіби мамандардан түрлі кеңестерді тыңдаған әрбір ата-ана өз баласының қабілетіне қарай бағдар беріп, оның дұрыс мамандық таңдауына жол көрсетуі үшін қажетті талаптармен таныс болды.

Балқаш Сервис колледжі Досымбетова Б.С.,

Балқаш қалалық медициналық колледжіннен Момынкулова Л.Т.

А.Мусин атындағы БГТКСериков М.К. Топаркулов А.К.

Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы БТК Баймуханова А.С.

«Қазақмыс»политехникалық колледжіне Болат Е.Ө.

Автор: №7 МГ