Ағылшын апталығы

Дата: 2020-02-03 10:11:16

Ағылшын апталығы жайлы ақпарат

2019-2020 оқу жылы

         С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназияда 27қаңтар -31 қаңтар аралығында ағылшын апталығы өткізілді.Шет тілдер аптадығын өткізу мектептегі барлық балалардың жеке мүмкіндіктерін көрсетуге ықпал ететіндігін көрсетеді. Апталық барлық оқушыларды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, әр түрлі жұмыс түрлерін қарастырады (жұптық, топтық, жеке), сонымен қатар әркім өз қабілеті мен қызығушылығын танытатын іс-шараларды өткізеді.

Апта ішінде шет тілін әрі қарай оқып үйренуге жағымды мотивация, сонымен қатар барлығына сәттілік жағдайы жасалады. Оқушылар білім, білік және дағдыларды қолдануға қосымша мүмкіндіктер алады.

Ағылшын тілі апталығына дейін дайындық жұмыстары жүргізіледі. Іс-шаралар жоспары жасалады, жарыстарға, викториналарға және олимпиадаларға материалдар дайындалады

Міндеттері:

- шет тілдерін үйренуге деген ынтасынқызығушылығын  арттыру;

- тіл білімі мен дағдысын кеңейту;

- оқылатын тілге, мәдениетіне құрмет көрсету;

Апталықтың ашылу салтанаты дүйсенбі күнілинейкадан басталды.

7-8 сынып оқушылары өлең және би дайындады.

1. «Мен неге ағылшын тілін үйренемін?» Тақырыбындағы викторина (6 сынып, мұғалім –Қанағат А.Д.)

2. «Kyz Zhibek»тақырыбына ашық сабақ өткізілді. (8А сынып, мұғалімі - Исабаева Б.Т.)

3. Бастауыш сынып мұғалімдері « Snow and Ice» ашық сабақ (4Д сынып, мұғалімі – Бейсенбаева Қ.Б.)

4.Ашық сабақ «I know English very well»-Керимбекова Мадина өткізді.

5.Берікқызы НазеркеАшық сабақ ““Leader of the XXI-st century“ тақырыбына өткізді.

6. “ I like English “Сыныптан тыс жұмыс(9А 9Ә сыныптар арасында, мұғалімі –АкаеваС.Е.)

Автор: №7 МГ