«Шын жүректен алғыс айтамыз!» атты кездесу сағаты

Дата: 2018-03-05 09:34:53
«Шын жүректен алғыс айтамыз!» атты кездесу сағаты

     Көктемнің алғашқы күнімен қазақ елінің күнтізбесіне тағы бір мереке қосылды. Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Осы мерекеге орай №3 кітапхана-филиалының  кітапханашылары мен №7мектеп-гимназиясының кітапханашысы Батталова Алия Омиржанқызының ұйымдастырумен  1 наурыз күні «Шын жүрекпен алғыс айтамыз!» атты тәрбиелік мәні зор кездесу сағаты  өткізілді. Іс-шара барысында 7А сынып оқушылары Зухарнаева Камила,Тәңірберген Дильназ, Абдикаримов Арайлым,Асқарова Амина,Ықыласбеков  Ілияс белсене қатысып, екі тілде өлең жолдарын оқып берді.  Оқушылар алғыс айту күнінің тарихымен, дәстүрімен, символымен танысты.Кітапхана қонақтары  Г.Романова,  Б.Шахжанова, К.Ткачев кезінде Сталиндік саясаттың салқынымен  өздерінің ата жұрттарын тастап, ата-бабаларының басына түскен қайғыдан біздің жеріміздің арқасында арылғанын ерекше тебіреніспен есіне алып, қазақ халқының бауырмалдығын, қонақжайлығын, бүгінде елімізде әртүрлі этностардың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын әңгімелеріне арқау етіп, қазақ жұртына өз алғысын айтты. Бұдан әрі сөз алған кітапхана оқырмандары ұстаз ардагер С.Қуатбекққызы, ардагерлер қоғамының мүшесі Н. Шегиров  өзге ұлттарымызға еліміздің өркендеуіне үлес қосқаны үшін алғыс  айтып, ризашылығын өлең жолдарымен білдірді. Кеш соңында Аяпбергенова Мадина,Пішән Балжан өз өнерлерін тамаша өзбек биімен аяқтады. Шараны қорытындылай келе, мектеп директоры Гулзада Мукатаевна қонаққа келген қарт ардагерлерімізге мың алғысын айта келе, сіздердің тәлім тәрбиелеріңіз біздің оқушыларымызға үлгі өнеге,   мектеп есігі әрдайым сіздерге ашық, бұл мерекенің қазақ халқының мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделгенін атап өтіп, кеш қонақтарына ризашылығын жеткізді.

Балқаш қаласы,

С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясының

кітапхана меңгерушісі

Байжұманова Саягүл  Тұяққызы

Автор: №7 МГ