31-мамыр саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген салтанаты жиынның ақпары

Дата: 2016-06-02 05:12:32
31-мамыр саяси қуғын-сүргін және  жаппай  ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген салтанаты жиынның ақпары

Залға  мектеп оқушылары мен ұстаздар жиналып, экраннан «Алжир –дегі  қазақ әйелдері»  тақырыбында  бейнеролик  көрсетіліп тұрды. Мектеп  директоры Хусмолдинова Н Е  31 мамыр  Қазақстан үшін  ерекше аталынып  өтетін қаралы дата  күннің  мағынасын  түсіндіріп, Сталиннің  жеке басына  табынудың  салдарынан  тұтас бір халық  өздерінің  ең  асыл  азаматтарынан  айырылып  қалғанын, Еуропада мыңдаған, миллиондаған  тұтқындарды  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  гитлерлік жазалаушылар  өртеп  жіберсе, ал Сталин  жендеттері  кеңестік   миллиондаған тұтқындарды  Жер  ананың түпкір-түпкіріне  жасырып  көмдігі  туралы  терең, жан-жақты  түсіндірді.

Автор: №7 МГ