Қараша айының 3 - 4 күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиаданың ашылу салтанатында Мектеп-гимназия директоры Манатаева Г.М. құттықтау сөз айтып, оқушыларға сәт

Дата: 2022-11-09 11:38:53
Қараша айының 3 - 4 күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың ашылу салтанатында  Мектеп-гимназия  директоры Манатаева Г.М. құттықтау сөз айтып,  оқушыларға сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерубаева Р.Б оқушыларға рухты сөздер айтып, сәттілік тіледі. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимбеков Ш.Р адалдық алаңы бойынша оқушыларды әділдікке, шыншыл болуға шақырып, олимпиада кезінде өз білімдерін көрсету керектігін ескертіп өтті. Соңынан директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Амирбекова М.М  олимпиаданың өтілу барысымен және ережесімен таныстырды.
Мектепішілік пәндік олимпиада  талаптарға сай, екі кезеңнен өтті. Жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды. 
Сәттілік тілейміз!
"Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ "Тілдер орталығы" КММ ұйымдастыруымен Балқаш қаласының 85 жылдығы мен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 
"Ой - сана" қалалық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болып, құнды сыйлықпен мараппаталды. 
І Дәрежелі диплом
 Байтлеева Қымбат
11 сынып оқушысы 
 
ІІ Дәрежелі Диплом
Құрмаш Аружан 
10 сынып оқушысы 
Жетекшісі: Шарипова Г.Б    
Оқушыларды дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз! 
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Автор: №7 МГ