«Ой маржан кітапта!» «Кітап – білім бұлағы,білім өмір шырағы» демекші 23 сәуір - халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Осыған орай №3 кітапхана-филиалында 8 В сынып оқушыларына арнап 21 сәуірде «Ой маржан кітапта» атты танымдық сағаты өткізілд

Дата: 2022-04-22 10:08:03

«Ой маржан кітапта!»

 «Кітап – білім  бұлағы,білім өмір шырағы» демекші 23 сәуір - халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Осыған орай №3 кітапхана-филиалында 8 В сынып оқушыларына арнап   21 сәуірде  «Ой маржан кітапта» атты танымдық сағаты өткізілді.

Мақсаты:  жас оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға  баулу, 

Кітапхана қызметкерлері мен мектеп кітапханашысы келген әрбір оқырмандармен  кітаптар туралы әңгімелесу барысында дүниежүзілік авторлық құқық күні мерекесінің маңызы туралы мағлұматтар берді. Білімді кітаптан үйренген адам жан-жақты ақылды, талантты, дарынды, ғалым болуға және келешекте күрделі жұмыстар атқаруға көмектесетінін және білім өмірдің қызықтарын, қаншалықты өмір сүрудің қажет  екені айтылды. Шара соныңда оқырмандармен «Кітаптың авторын тап?» атты викториналық ойын ойнатылып, «Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?» сауалнамасын жүргізді.

Автор: №7 МГ