Мектебімізде 1-інші сыныптарды кітапханамен таныстыру жұмыстары жүргізілуде.
Дата: 2021-11-11 10:34:12
Мектебімізде 1-інші сыныптарды кітапханамен таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Мақсаты: Білімділік: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға қазақ ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру. Дамытушылық: Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту; кітапқа деген қызығушылығын арттыру; сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Тәрбиелік: Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, кітап көрмесі «Кітап деген бір әлем», жазушылар суреттері. Меңгерілетін сөздер: кітапхана, кітапханашы, оқырман, баспахана, ақын-жазушылар, көркем әдебиет, ертегілер елінде, ертегі кейіпкерлері.