Адалдық дүкенінің жұмысы

Дата: 2021-09-22 16:12:14

Жиырмасыншы қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен конференция залда отырыс өткізілді. Отырысқа мектеп әкімшілігі, мектеп белсенділері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес отырыста мынандай мәселелер қарастырылып, талқыланды: Мектеп Парламентінің  2021-2022 оқу жылына дайындалған жұмыс жоспарымен таныстыру, санитарлық талаптарды орындау, мектеп ережесін сақтау, адалдық дүкенінің жұмысы және сыныптар арасындағы белсенділік. Осы мәселерлер бойынша мектеп белсенділері өз ойларын, пікірлерін жеткізіп ұсыныстарын айтты. Отырыс барысында Мектеп Парламенті мен Мектеп белсенділері біріге отырып біраз іс-шараларды атқаратыны айтылып, алдағы уақытта мектепте орналасқан Адалдық дүкенінің жұмысы әрі қарай жалғасатыны жайлы мәлімделді.

Автор: №7 МГ