Қымбатты ұстаздар, ата – аналар, қадірлі жас түлектер!

Дата: 2021-05-25 14:23:44

Қымбатты ұстаздар, ата – аналар, қадірлі жас түлектер!

     Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

     Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.

     Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.

     Осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін үлкен өмірге қадам басып отыр.  Мектеп - гимназиямыздың 53 түлегі бүгін үлкен өмірге қанат қағып барасыздар, қанаттарын талмасын биіктерге шырқандар! Оқу жылын сәтті аяқтап,мемлекеттік емтихандардан жоғары нәтижелерге қол жеткізіңіздер!

      Биыл-еліміз үшін мерейлі де, беделді жыл. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойымен тұспа тұс келіп отыр.  Түлектеріміз мектеп-гимназиямыздың қоржынына қомақты үлес қосуда. Жоғары білім сапасын көрсетіп, пән олимпиадаларынан ерекше көзге түскен жүлдегерлер мен қоғамдық жұмысына белсене қатысып, өнерден, спорттан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

            Сонын ішінде  «Алтын белгіге» үміткер 4 оқушы, 11 Ә сынып оқушылары  Есенова Балнұр,Сарсен Алтынай , Тлеулиева Айым, 11  А сынып оқушысы Каримхан Амина,  «Үздік аттестатқа» уміткерлер 11 Ә сынып оқушысы Ыдырысов Дулат. «Елбасы медалінің» жобасының қола медаль иегерлері  Есенова Балнұр Азаматқызы, Ыдырысов Дулат Ержанұлы.

     Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын.  Сіздер қайда жүрсеңіздер де туған үйлеріңіздей болып кеткен,

     Алтын ұя мектептеріңізді, туған жер, білім алған орталарыңды мақтан етеді деген сенімдемін.

     Жоғарғы оқу орындарына түсіп кетіп,студенттік дәуірді қызықты өткізіп, аброймен бітірулеріне тілектеспің!Тандаған мамандықтарынның мықты маманы кәсіпкойы болыңыздар! Мектеп өмірі артта қалды,алдында күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүріңбей өтеберулеріңізді тілеймін!

                      Мектеп өмірін аяқтап, өмір мектебіне Ақ жол!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Біздің мектепке қазір жұмысқа тұрып жатқан жұмыскерге қандай уш құнды кеңес берер едің?

2.Какое поручение нашего директора было самым странным?

3.Какой ценный солвет получили от своего руководителя и используете ли его сегодня?

4.Что самое трудное в работе с нашей командой?Можно ли его исправить?

5.Чем бы вы хотели занятся но времени всегда не хватает?

6.Қандай спорт тұрі ешқашан жалықтырмайды сепні?

7.Ең кұрделі не болды?

8.Какой интересный опыт получил?

Автор: №7 МГ