Қашықтықта өткен бірыңғай республикалық ата-аналар жиналысы ақпар

Дата: 2020-09-29 10:05:45
Қашықтықта өткен бірыңғай республикалық  ата-аналар жиналысы ақпар

«С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ

Қашықтықта өткен бірыңғай республикалық  ата-аналар жиналысы ақпар

 

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету мақсатында С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия директоры Манатаева Гулзада Мукатаевна 20.08.2020 күні сағат 17.00-18.30 аралығында 7mektepgimnazia парақшасында «Жаңа оқу жылында балаларды  оқытуы туралы» тақырыбында  тікелей эфирде ата-аналармен виртуалды сұрақ жауабында кездесу өтті.

17.09.2020  күні сағат 17.00-18.30 аралығында 7mektepgimnazia парақшасында қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) ақпараттандыру мақсатында «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында  тікелей эфирде ата-аналармен виртуалды сұрақ жауабында кездесу өтті. 

23.09.2020 күн іжалпыға білім беру қорының есебімен таныстыра отырып, көрсетілген көмек түрлерімен және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларымен таныстыру мақсатында 23 қыркүйек күні жиналыс өтті

Ата-аналар жиналысы ZOOM платформасында ұйымдастырылды.  1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жалпыға білім беру қорынан көрсетілген көмектің қаржылай есебімен көрсетілген көмек туралы яғни ыстық тамақ, берілген оқу құралдарының түрлерімен және жазғы лагерде берілген тамаққа бөлінген жалпыға білім беру қорының көмегі туралы мектеп-гимназия директоры  Г.М.Манатаева таныстырды.

Автор: №7 МГ