Тікелей эфир «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?»

Дата: 2020-09-17 17:35:03
Тікелей эфир «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?»
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия директоры Манатаева Гулзада Мукатаевна 17.09.2020 күні сағат 17.00-18.30 аралығында 7mektepgimnazia парақшасында қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) ақпараттандыру мақсатында «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында  тікелей эфирде ата-аналармен виртуалды сұрақ жауабында кездесу өтті. 
Мектеп-гимназияның ата-аналары қашықтықтан оқыту форматында балаларды оқу кезіндегі өздерінің ойларында жүрген сауалдарын қоя алды.  
      Бір сағат көлемінде көптеген сұрақтарға жауап берілді. Сұрақтарына толық жауап алған ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, оқушылар мен мұғалімдерге  сәттілік тіледі.
 
Тікелей эфирдің ссылкасы:

https://www.instagram.com/tv/CFPCQdBp7Mj/?igshid=1v2g7i043sjtp
Автор: №7 МГ