Category: Все

2022 жылға арналған штаттық кесте және тарифтік кесте / қыркүйек/

2022 жылға арналған штаттық кесте және тарифтік кесте / қыркүйек/, Қарағанды ​​облысы білім басқармасының Балқаш қаласының білім бөлімінің «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ

2022-09-20 17:25:53

To download To watch

«ПЕДАГОГТЕРДІҢ АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Мерзімі: 2022-2023 оқу жылы Мақсаты: мектеп мұғалімдерінің АКТ саласындағы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру және оларды оқу іс-әрекетінде қолдану.

2022-09-20 17:21:43

To download To watch

“Адалдық алаңы”…

16 қыркүйек күні Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жобаларының аясында мектебімізде оқу жылынан бастап мектептің 1- қабатында өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген «Адалдық алаңы» сатушысы жоқ дүкені ашылды. Жобаның басты мақсаты – оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сана мен мәдениетті дамытып, өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. Мұнда мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті тауарларды алып, алған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырып, қайтарымын алады. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған оқушы қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады.

2022-09-16 13:43:34

To download To watch

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар (барлық педагогтер үшін)

Презентациялық материал

2022-09-08 12:20:00

To download To watch

Мектеп асханасында бракераждық комисия құру туралы

2022 жыл 31 тамызындағы № 67 бұйрық

2022-09-07 11:30:54

To download To watch

"Адал ұрпақ" клубының 20222-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Мақсаттары мен міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет; Мөлдір және ашық оқу орны; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру; Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама; Ақпараттық қолдау; Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру; Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру; Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру. Клуб қызметінің принциптері Еріктілік; Жариялық және ашықтық; Клуб мүшелерінің құқықтық мәдениеті; Клуб өмірін ұжымдық түрде ұйымдастыру; Клубтың әр мүшесінің қызығушылығын, арын және пікірін құрметтеу; Әлеуметтік. Қоғамдық-пайдалы маңыздылық; «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының рәміздері

2022-09-07 11:17:04

To download To watch

Орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы

"Қарағанды ​​облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 501 бұйрығы.

2022-09-06 21:46:39

To download To watch

"Адалдық сағаты" өткізілді...

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қыркүйектің екісі күні мектебімізде "Адалдық сағаты" өткізілді. Білім алушылар "AMANAT" партиясының Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б. Алтынбековтың ақпаратын тыңдады.

2022-09-02 16:34:03

To download To watch

«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбы бойынша дәріс сабақ ұйымдастырылды...

1-қыркүйек күні «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбы бойынша 10-11 сынып оқушыларымен дәріс сабақ ұйымдастырылды. Дәрісті мектептің әлеуметтік педагогі А. К. Катенова және ювеналды полиция қызметкері А. Касымжанова жүргізді. Мақсаты: оқушыларды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, түрлі жағымсыз жағдайлардан бойларын аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау;

2022-09-02 12:17:30

To download To watch

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” жолдауын жариялады...

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” жолдауын жариялады.Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамытуға бағытталған бұл жолдауды әр қазақстандық асыға және ерекше ықыласпен тыңдадық. Әсіресе, жас түлектерге жылдық 2-3 пайызбен білім алуға жеңілдетілген несиелер және ҰБТ нәтижесіне қарай 30 дан 100 пайызға дейін жаңа гранттар жариялау керектігін атап өтті.

2022-09-02 09:30:30

To download To watch

Табиғатқа зиян келтірмей, оны көркейтуге үлес қосуымыз керек...

Міне санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Оқушыларымыз алтын ұя мектебімен қайта қауышады. Ұстаздар мен оқушыларымызды мектеп ауласындағы жайқала өскен гүлдеріміз қарсы алады. Жаз айы аяқталуға жақындаса да әсем гүлдеріміз мектеп ауласына әдемі реңк беріп тұр. Бұл біздің ұстаздар мен оқушыларымыздың көктем айында талмай еңбек етіп, жаз бойы баптаған еңбектің нәтижесі деп білеміз. Біз табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреміз. Сондықтан табиғатқа зиян келтірмей, оны көркейтуге үлес қосуымыз керек.

2022-08-31 09:55:44

To download To watch

10-сыныпқа оқушыларды қабылдау және тіркеу

1 сынып жинағы ашылды. Жалпы саны 15 орын. Қабылданған өтінімдер – 9.

2022-08-17 17:57:37

To download To watch

First 1 5 6 7 8 9 61 Last