Мектеп басшысының баяндамалары

Дәреже: Мектеп басшысының баяндамалары

2020-2021 оқу жылының түлектерін құттықтаймыз

Құрметті оқушылар, бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызықты сәттердің бірі де жетіп келді. Мектеппен қоштасатын, есейетін кез келді. Бүгін сіздер түлектерсіздер, сіздерің алдарыңызда барлық мүмкіндіктер, ұмтылыстар бар. Сіздер біреу үшін емес, өздеріңіз үшін дұрыс таңдау жасай алады деп сенеміз. Сіздерге батылдық, арманыңызға берік сеніп, ол үшін ащы соңына дейін күресулеріңізді тілейміз! Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, жақындарыңыздан қолдау және барлық мақсаттарыңызға жетуге тілектеспіз! Отбасыңыздың, мектебіміздің, қаламыздың, еліміздің мақтанышы болыңыздар! Сіздерге толағай табыстар тілейміз!

2021-06-15 21:32:28

Скачать Смотреть

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп басшысының құттықтауы...

Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің - жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар – мейірім тотемі. Сол себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе де аямаймыз. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп басшысы П. Жамшыбаева мектеп оқушыларын және барлық бүлдіршіндер мен жасөспірімді атаулы мерекелерімен құттықтап ізгі де жылы тілегін білдірді.

2021-06-02 16:07:43

Скачать Смотреть

Мектеп-интернат директоры Жамшыбаева Перизат Серикбаевнаның "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтауы

Мектеп-интернат директоры Жамшыбаева Перизат Серикбаевнаның "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтауы

2021-03-09 14:38:29

Скачать

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық кешенді жұмыс өткізілді ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алудың пәрменді тетігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мектеп қабырғасында дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Күні бүгін, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында мектеп әкімшілігі, сондай-ақ Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, мектеп ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жан-жақты құқықтық жалпы білім беру жұмысын өткізді. Педагогикалық этикаға сәйкес, мұғалімдер өздерінің қызметтік және қызметтік емес уақыттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдап, өзінің жеке мінез-құлқы, жүріс-тұрысы арқылы адалдық, бейтараптық және әділеттіліктің үлгісін көрсетуі керектігі туралы тағы бір мәрте ескертілді. Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының ұжымы «Сенің ЖОҚ дегенің өте маңызды» деген қағидасын ұстанып СЫЙЛЫҚ түріндегі сыбайлас жемқорлыққа ҚАРСЫ!!!

2021-03-04 22:23:59

Скачать Смотреть

"Қашықтықтан оқыту жағдайында ІІІ тоқсанда оқыту-тәрбие процесін ұйымдастыру" тақырыбымен «Басшы сағаты» өтті...

2021 жылдың 9 қаңтары күні сағат 13:00-де ZOOM платформасы арқылы "Қашықтықтан оқыту жағдайында ІІІ тоқсанда оқыту-тәрбие процесін ұйымдастыру" тақырыбымен «Басшы сағаты» өтті. Кездесу барысында ата-аналарға ІІІ тоқсандағы білім берудегі онлайн жүйеге оқушылардың дайындығы және бастауыш сыныптар мен 5, 9, 11 кезекші сыныптарының оффлайн түрде оқу жүйесі туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, санитарлық тәртіпті сақтап, қатаң түрде ұстану керектігі баса айтылды. Кездесу соңында мектеп директоры ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

2021-01-09 19:28:36

Скачать

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті ата-аналар, аяулы оқушылар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! 2021 жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін! Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Ізгі ниетпен № 2 мектеп-интернатының директоры П. С. Жамшыбаева

2020-12-30 23:16:14

Скачать

Мектеп директорының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне құттықтауы...

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен тәуелсіздігінің символы болып саналады. Қысқа тарихи кезеңде Қазақстан халқы демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды. Тәуелсіздік күні - қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі. Бұл жаңа егеменді және тәуелсіз ел - Қазақстан Республикасының дүниеге келуін белгіледі. Осы күн қарсаңында, шын жүректен сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, отбасыларыңызға сәттілік пен бақ-береке тілеймін! Біздің Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан өркендей берсін!

2020-12-14 23:41:53

Скачать Смотреть

«Басшы сағаты»...

2020 жылдың 14-қарашасында сағат 13:00-де мектепте ZOOM платформасында тікелей эфирде «Басшы сағаты» өтті. Кездесу барысында ата-аналарға мектептің екінші тоқсанның басталуына дайындығы, бастауыш сыныптар мен 5 сыныптардың кезекші сыныптарының жұмысы, білім беру платформаларының жұмыс істеуі туралы ақпарат берілді, балалардың қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударылды, мектеп директоры ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді.

2020-11-15 00:37:15

Скачать Смотреть

«Ашық бюджет» тақырыбында ата-аналармен онлайн форматта «Басшы сағаты» өтті...

9 қазан күні жылы сағат 17:00 - де ЖББ М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатының директоры П. С. Жамшыбаева «Ашық бюджет» тақырыбында ата-аналармен онлайн форматта «Басшы сағатын» өткізді. Жалпыға бірдей білім беру қорының жұмысы жайлы 2020 жылдың қаражатының жұмсалуы жайлы ақпараттандырып, есем берілді. Жиынға қомқоршылық кеңесінің төрағасы Ахад Кадирович, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысып, қойған сұрақтарына жауап алды.

2020-10-14 13:15:22

Скачать Смотреть

Мектеп директорының 1-қыркүйек білім күнімен құттықтауы...

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, сіздерді “ЖББ М.П.Русаков атындағы № 2 санаторлық мектеп-интернаты” КММ директоры Жамшыбаева Перизат Серикбаевна құттықтайды!

2020-09-01 20:20:25

Скачать Смотреть

4 маусым - рәміздер күнімен құттықтаймыз

4 маусым - рәміздер күнімен құттықтаймыз

2020-06-15 13:31:13

Скачать Смотреть

Пікір

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына пікір

2020-04-08 14:02:53

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы