Мектеп басшысының баяндамалары

Дәреже: Мектеп басшысының баяндамалары

Директор жанындағы кеңес ұйымдастырылып өткізілді..

8 желтоқсан күні мектеп педагогтарымен директор жанындағы кеңес ұйымдастырылып өткізілді. Қарастырылған мәселелер: 1. Техногендік төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі кезінде білім беру ұйымдарының қызметкерлері, білім алушылары және тәрбиеленушілерінің іс-қимыл алгоритмі. 2. Мектепішілік бақылау 3. Ағымдағы сұрақтар.

2022-01-18 15:00:45

Скачать Смотреть

Басшы сағаты...

4 желтоқсан күні мектеп ата-аналарымен «Басшы сағаты» болып өтті. Күн тәртібінде оқушылардың қауіпсіздігі және нашақорлықтың алдын бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді. Ата-аналар тарапынан өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, тақырып төңірегінде жауаптар алды.

2022-01-18 14:52:29

Скачать Смотреть

Мұғалімдер күнімен құттықтау...

Қымбатты әріптестер! Күздің тамаша күнінде сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен құттықтауға қуаныштымын! Барлық уақытта мұғалім еңбегіне жоғары талаптар қойылған. Әрқашан жоғары рухани күштің, білімдарлықтың, парасаттылықтың үлгісі мұғалім болған! Осы қасиеттердің барлығы ұстаздарымыздың бойында бар. Сіздерге кәсіби және шығармашылық табыс, қиын, бірақ қажетті істеріңізде сәттілік, шыдамдылық, оптимизм, мықты денсаулық және бақыт тілеймін!

2021-10-02 14:01:34

Скачать

Басшы сағаты

25 қыркүйек күні сағат 10.00 -де «Басшы сағаты» болып өтті. Ата-аналар сұрақтарына арналған кездесуде директор П. Жамшыбаева ата-аналарды мектеп атауындағы өзгерістер туралы хабардар етіп, ата-аналардың назарын коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық нормаларды сақтауға аударды, ата-аналардың кәмелетке толмаған баланың оқыту мен тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы еске салды. Ата-аналар тарапынан өздерін мазалайтын сұрақтарға директор конструктивті жауап берді.

2021-09-27 10:45:13

Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ. ТОҚАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНА ҮН ҚОСУ

Бүгін, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев халыққа кезекті жолдауын жариялады. Ауқымды мәселелерді қозғаған жолдауда ел басшысы қазіргі күнгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, болашаққа атқарар іс-шараларды баяндап өтті.

2021-09-01 21:37:46

Скачать Смотреть

«Басшы сағаты»

27 тамыз күні 1-11 сынып ата-аналарына «Басшы сағаты» өткізілді. Жиналыс барысында мектеп басшысы П. С. Жамшыбаева «Алғашқы қоңырау мерекесінің» ұйымдастырылуы, жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үрдісі қалай жүргізілетіндігі жайында, асхана мен жатақхананың жұмыс жасау ережелерімен таныстырып өтті. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

2021-08-31 13:56:22

Скачать

"Басшы сағаты"...

2021 жылдың 18 тамызында мектеп директоры П. Жамшыбаева ата-аналармен «Басшы сағатын» өткізді. Жиналыс барысында мектеп директоры жаңа 2021 – 2022 оқу жылының ұйымдастырылуына тоқталып өтті. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының киім үлгісі және оқулықтармен қамтылулары жайында айта кетті. Мектеп асханасы мен жатақханасының қызметі туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында мектеп директоры ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық мәліметті жауаптар қайтарды.

2021-08-18 20:12:00

Скачать

2020-2021 оқу жылының түлектерін құттықтаймыз

Құрметті оқушылар, бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызықты сәттердің бірі де жетіп келді. Мектеппен қоштасатын, есейетін кез келді. Бүгін сіздер түлектерсіздер, сіздерің алдарыңызда барлық мүмкіндіктер, ұмтылыстар бар. Сіздер біреу үшін емес, өздеріңіз үшін дұрыс таңдау жасай алады деп сенеміз. Сіздерге батылдық, арманыңызға берік сеніп, ол үшін ащы соңына дейін күресулеріңізді тілейміз! Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, жақындарыңыздан қолдау және барлық мақсаттарыңызға жетуге тілектеспіз! Отбасыңыздың, мектебіміздің, қаламыздың, еліміздің мақтанышы болыңыздар! Сіздерге толағай табыстар тілейміз!

2021-06-15 21:32:28

Скачать Смотреть

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп басшысының құттықтауы...

Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің - жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар – мейірім тотемі. Сол себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе де аямаймыз. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп басшысы П. Жамшыбаева мектеп оқушыларын және барлық бүлдіршіндер мен жасөспірімді атаулы мерекелерімен құттықтап ізгі де жылы тілегін білдірді.

2021-06-02 16:07:43

Скачать Смотреть

Мектеп-интернат директоры Жамшыбаева Перизат Серикбаевнаның "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтауы

Мектеп-интернат директоры Жамшыбаева Перизат Серикбаевнаның "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтауы

2021-03-09 14:38:29

Скачать

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық кешенді жұмыс өткізілді ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алудың пәрменді тетігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мектеп қабырғасында дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Күні бүгін, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында мектеп әкімшілігі, сондай-ақ Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, мектеп ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жан-жақты құқықтық жалпы білім беру жұмысын өткізді. Педагогикалық этикаға сәйкес, мұғалімдер өздерінің қызметтік және қызметтік емес уақыттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдап, өзінің жеке мінез-құлқы, жүріс-тұрысы арқылы адалдық, бейтараптық және әділеттіліктің үлгісін көрсетуі керектігі туралы тағы бір мәрте ескертілді. Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының ұжымы «Сенің ЖОҚ дегенің өте маңызды» деген қағидасын ұстанып СЫЙЛЫҚ түріндегі сыбайлас жемқорлыққа ҚАРСЫ!!!

2021-03-04 22:23:59

Скачать Смотреть

"Қашықтықтан оқыту жағдайында ІІІ тоқсанда оқыту-тәрбие процесін ұйымдастыру" тақырыбымен «Басшы сағаты» өтті...

2021 жылдың 9 қаңтары күні сағат 13:00-де ZOOM платформасы арқылы "Қашықтықтан оқыту жағдайында ІІІ тоқсанда оқыту-тәрбие процесін ұйымдастыру" тақырыбымен «Басшы сағаты» өтті. Кездесу барысында ата-аналарға ІІІ тоқсандағы білім берудегі онлайн жүйеге оқушылардың дайындығы және бастауыш сыныптар мен 5, 9, 11 кезекші сыныптарының оффлайн түрде оқу жүйесі туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, санитарлық тәртіпті сақтап, қатаң түрде ұстану керектігі баса айтылды. Кездесу соңында мектеп директоры ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

2021-01-09 19:28:36

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 соңғысы