Размер шрифта:

МЕКТЕПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

Дәреже: Әлеуметтік педагог

1

«Адам және заң» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілді...

10 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "Құқықтық навигатор" апталығы аясында 10-11 сынып оқушылары арасында «Адам және заң» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілді. Мақсаты: Азаматтықты қалыптастыруға жағдай жасау, өркениетті қоғамды, әділеттілікті, демократияны, заңды құрметтеуді, қоғамға интеграцияны табысты әлеуметтендіруді дамытуға бағытталған құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету.

2022-02-13 19:57:32

Скачать Смотреть

«Зиянды әдеттерсіз әлем» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді...

9 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "Құқықтық навигатор" апталығы аясында 8 сыныптар арасында «Зиянды әдеттерсіз әлем» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – ұжымның ұйымшылдық деңгейін көтеру; балалардың шылым шегуге, ішімдікке және есірткіге деген өзіндік көзқарасын қалыптастыруға көмектесу; жасөспірімдердің есірткі мен алкоголді тұтынуын жиі байқайтын типтік жағдайларды анықтау, оларды қолданудан бас тартудың саналы ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету. Ең бастысы, балалар өздеріне қорытынды жасап, «Жаман әдетсіз өмір сүріп, өзіңнің және өзгенің денсаулығын ойла!» өмірлік ұрандарына айналсын.

2022-02-10 16:19:08

Скачать Смотреть

«Мен және менің құқығым» сурет көрмесі ұйымдастырылды...

8 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "Құқықтық навигатор" апталығы аясында оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру мақсатында 2-4 сынып оқушылары арасында «Мен және менің құқығым» сурет көрмесі ұйымдастырылды. 6-сыныптар арасында «Баланың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында тәрбие сағаттары жүргізілді.

2022-02-08 20:47:23

Скачать Смотреть

«Құқықтық навигатор» апталығының аясында...

2021-2022 оқу жылының 7 ақпан күні «Құқықтық навигатор» апталығының аясында, заң туралы білімін жетілдіру, дамытушылық, оқушының саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру. Өз іс-әрекетіне жауап беретіндей өй-өрісін кеңейту мақсатында «Құқығым бар, бірақ міндеттімін» тақырыбында 7-8 сынып арасында тәрбие сағаты өткізілді.

2022-02-08 20:39:03

Скачать Смотреть

«Жасөспірімдер түнгі қалада»...

2022 жылдың 4 қаңтар күні «Жасөспірімдер түнгі қалада» атты профилактикалық рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейд барысында ойынханалар, кафе, мейрамхана, тойханалар араланып, иелеріне беймезгіл уақытта кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту, оларға ойын ойнауға рұқсат беру құқықтық жауапкершілікке соқтыратыны түсіндірілді. Рейдттік іс-шаралар жалғасады.

2022-01-11 08:47:20

Скачать Смотреть

«Вейптің денсаулыққа әсері» дәрісі өтті...

7 желтоқсан күні білім алушыларға вейптің қаупі және оған салынатын шектеулер туралы ақпарат беру мақсатында әлеуметтік педагог А. К. Катенованың және ЮПТ инспекторы А. Қ. Қасымжанованың ұйымдастыруымен 7-9 сыныптарға арналған «Вейптің денсаулыққа әсері» тақырыбында дәріс өтті.

2021-12-07 16:35:44

Скачать Смотреть

Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді....

16 қараша күні 8 сыныптар арасында «20 қараша – дүниежүзілік балалар күні» айлығының аясында, оқушыларға құқық саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру мақсатында оқушылармен «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2021-11-16 15:47:18

Скачать Смотреть

1-4 сыныптар арасында мектеп ережесі және қоғамдық орындардағы жүріс тұрыс ережесі бойынша пікірталас өткізілді....

11 қараша күні оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру, балалардың білімге деген құштарлығын ояту, оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 1-4 сыныптар арасында мектеп ережесі және қоғамдық орындардағы жүріс тұрыс ережесі туралы оқушылармен пікірталас өткізілді.

2021-11-11 14:48:51

Скачать Смотреть

Қамқоршы күніне орай жиын өтті

29 қазанда Қазақстанда Қамқоршы күні атап өтіледі. Бұл ерекше мереке, балаларды тәрбиелеу бойынша ауыр жүкті өз мойнына алған адамдар, өз жанының жылуын, нәзіктігін және оған ерекше мұқтаж балаларға назар аударуды шын жүректен білетін адамдар үшін мереке." Қамқоршылар күні - бұл ерекше мереке, әртүрлі себептермен ата-аналары жоқ балаларды тәрбиелеу үшін ауыр жүкті алған адамдар үшін мереке. 30 қазан күні "Қамқоршы күні" мерекесіне орай онлайн жиын өтті. Жетім балаларға ата-ана болған адамдарға алғыс айту дәстүрге айналды. Олар олардың отбасы болды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар балалар үйіне емес, нағыз отбасыларда тұрады.

2021-11-01 18:15:54

Скачать Смотреть

"Балалар түнгі қалада" рейді

30 қазан күні «Балалар түнгі қалада» атты профилактикалық рейдтік іс-шара жүргізілді. Шара барысында ойынханалар, кафе, мейрамхана, тойханаларды аралап, иелеріне беймезгіл уақытта кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту, оларға ойын ойнауға рұқсат беру құқықтық жауапкершілікке соқтыратынын түсіндірді. Рейдттік іс-шара жұмыстары жалғасуда.

2021-11-01 18:13:34

Скачать Смотреть

Суреттер көрмесі

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу мақсатында 28 қазан күні «Менің Отбасым» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

2021-10-28 16:19:47

Скачать Смотреть

Қамқоршылар күніне орай...

28 қазан күні қамқоршылар күніне орай спорттық ойындар арқылы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, пәндік білім, білік, дағдыларын одан әрі жетілдіру мақсатында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз!» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс әділ және көңілді өтті, оқушылар екі команда құрамында қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша достық женді деп шешілді.

2021-10-28 12:09:10

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 соңғысы