Размер шрифта:

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

Дәреже: "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

 

2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 

Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау. 

Бағдарлама 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылады және елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін береді, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.  

Бағдарламаның толық мәтінін жүктеп алу 

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған курсқа шақырамыз...

Балқаш қаласының тұрғындары! М.П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты сіздерді «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған халық үшін цифрлық сауаттылық бойынша тегін курстарына шақырады. Бұл курс 4 негізгі цифрлық және 2 қосымша дағдыларды қамтиды: 1) базалық компьютерлік дағдылар; 2) e-gov дағдылары (электрондық үкімет); 3) OpenGov дағдылары (ашық үкімет) 4) электрондық коммерция дағдылары (электрондық коммерция); Қосымша екі дағды: 1) медиа дағдылары 2) кәсіби цифрлық дағдылар

2019-07-31 22:21:31

Скачать

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген

2019-04-10 11:10:25

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 кел. соңғысы соңғысы