Размер шрифта:

Мектеп басшысының баяндамалары

Дәреже: Мектеп басшысының баяндамалары

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті ата-аналар, аяулы оқушылар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! 2021 жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін! Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Ізгі ниетпен № 2 мектеп-интернатының директоры П. С. Жамшыбаева

2020-12-30 23:16:14

Скачать

Мектеп директорының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне құттықтауы...

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен тәуелсіздігінің символы болып саналады. Қысқа тарихи кезеңде Қазақстан халқы демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды. Тәуелсіздік күні - қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі. Бұл жаңа егеменді және тәуелсіз ел - Қазақстан Республикасының дүниеге келуін белгіледі. Осы күн қарсаңында, шын жүректен сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, отбасыларыңызға сәттілік пен бақ-береке тілеймін! Біздің Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан өркендей берсін!

2020-12-14 23:41:53

Скачать Смотреть

«Басшы сағаты»...

2020 жылдың 14-қарашасында сағат 13:00-де мектепте ZOOM платформасында тікелей эфирде «Басшы сағаты» өтті. Кездесу барысында ата-аналарға мектептің екінші тоқсанның басталуына дайындығы, бастауыш сыныптар мен 5 сыныптардың кезекші сыныптарының жұмысы, білім беру платформаларының жұмыс істеуі туралы ақпарат берілді, балалардың қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударылды, мектеп директоры ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді.

2020-11-15 00:37:15

Скачать Смотреть

«Ашық бюджет» тақырыбында ата-аналармен онлайн форматта «Басшы сағаты» өтті...

9 қазан күні жылы сағат 17:00 - де ЖББ М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатының директоры П. С. Жамшыбаева «Ашық бюджет» тақырыбында ата-аналармен онлайн форматта «Басшы сағатын» өткізді. Жалпыға бірдей білім беру қорының жұмысы жайлы 2020 жылдың қаражатының жұмсалуы жайлы ақпараттандырып, есем берілді. Жиынға қомқоршылық кеңесінің төрағасы Ахад Кадирович, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысып, қойған сұрақтарына жауап алды.

2020-10-14 13:15:22

Скачать Смотреть

Мектеп директорының 1-қыркүйек білім күнімен құттықтауы...

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, сіздерді “ЖББ М.П.Русаков атындағы № 2 санаторлық мектеп-интернаты” КММ директоры Жамшыбаева Перизат Серикбаевна құттықтайды!

2020-09-01 20:20:25

Скачать Смотреть

4 маусым - рәміздер күнімен құттықтаймыз

4 маусым - рәміздер күнімен құттықтаймыз

2020-06-15 13:31:13

Скачать Смотреть

Пікір

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына пікір

2020-04-08 14:02:53

Скачать Смотреть

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне ПІКІР

Мемлекетімізде әлемді жайлаған короновирус індетінің жаппай таралуына тосқауыл қойылып, төтенше жағдай жарияланды. Аталмыш індет жайылуын күннен күнге тоқтатар емес. Мемлекетіміз адам денсаулығының амандығы үшін барлық жағдайды жасауда. Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сөзінде індетке қарсы күрестің алдыңғы легі ақ халатты абзал жандар деген еді. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Сондықтан халық дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбектерін зор құрметпен бағалайды.

2020-04-02 12:44:23

Скачать Смотреть

Мектеп директорының ата-аналарға үндеуі...

Қайырлы күн, Құрметті ата-аналар және оқушылар. Бүкіл әлемге жайылған корановирус індетінің таралуын тоқтату мақсатында елімізде төтенше жағдай жарияланғаны баршаңызға мәлім. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі түбегейлі өзгерді. Бұл індеттің алдын алу қадамдарының бірі.

2020-03-30 15:14:33

Скачать Смотреть

Мектеп күні аясында өткен форумдағы директордың сөйлеген сөзі, 21 ақпан

Мектеп күні аясында өткен форумдағы директордың сөйлеген сөзі, 21 ақпан

2020-03-10 17:15:25

Скачать Смотреть

Пікір

Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша баспасөз конференциясы. Спикер - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 19.12.19

2019-12-20 12:26:21

Скачать Смотреть

Мектеп директорының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.

2019-12-18 09:58:54

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 соңғысы