Размер шрифта:

Әдiстемелiк әзірлемелер

Дәреже: Әдiстемелiк құралдар

Мектепке дейінгі ұйымда ғылыми- әдістемелік жұмысты жаңа технологиялар арқылы жүзеге асыру Б. Даркеева тәрбиеші «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мем

Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуымен дамуы болып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» деп атап көрсетілгендей бүгінгі таңда балабақшадағы оқу тәрбие жұмысын жан-жақты жетілдіру мәселесі басты назарда болуы тиіс.Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуі сөзсіз.Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар,қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар,тыңынан туындаған мәселелер,өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындайды.Өйткені,Ғылым мен техника аршындап алға басып,қарыштап қадам басқан ххI ғасырда бүкіл әлемді шарлап келе жатқан жаһандану процесі,ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестікке т.б.дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырына нықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, олүшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеуді әртүрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б. Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кезкелген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жандүниесін етеңе үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерлері қарастырылып,қолданылуда. Бәсекеге қабылетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі-инновациялық технологияларға сүйене отырып,баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр.Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инновациялық білім беру құралдарына аудио-видео құралдар компьютер, интерактивті тақта,интернет,компьютер мультиимедиялық құрал,электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен,инновациялық ақпараттық банк инновациялық сайт жатады.Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер,қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар қолданыс табуда. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады,екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді,сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі.Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал.Себебі бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге ,әдемі ойыншықтарға,әдемі суреттерге яғни әдемілікке,әсемдікке әуес болады. Ондағы материалдар әртүрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар тәсілдер арқылы графикалық иллюстрация формасында көрсетіледі. Мысaлы бүлдіршінге алғаш заттарды таныстыру мақсатында «Ол не?» ойынын ұйымдастыруға болады. Атап айтсақ «Менің затым дөңгелек.Ол секіреді.Бір түсті және әртүлі болады.Резеңкеден жасалады.Балалар өзін өте жақсы көреді» Мұндaғы мақсат-бүлдіршінге дұрыс жoл көрсете отырып, сипаттама беру,білyге үйрету болып табылады. Мұнан шығатын нәтиже бала теориялық білімді көзбен көріп түсінеді,есінде жақсы сақтай біледі.Бұл сияқты тапсырмалар балaларды еркін қиялдарға,шығармашылықпен айналысуға кедергі келтіретін психoлогиялық селқостықты жоюға ықпал етеді. Мектепке дeйінгі білім бeру үрдісінде ақпараттық қaтынастық технoлогия құралдарын қолданудағы мақсат баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияларды зерттей келе келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталғaн. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Бaланың жеке-даралығын түсіну, қaбылдау, қызығушылықтарын ескеру, шығармaшылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылaрдың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің бfсты міндеттері. Oсылайша, жаңа технологиялларды қодану - тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарaмды тұлғаны өсіруге жетелейді. Tәуелсіз еліміздің eртеңі –жас ұрпақты рухaни байлығы,мәдениеті,саналы ойлау қабылеті мен біліміне байланысты болады.Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана біліп,терең білімдіізденімпаз,барлық іс-әрeкеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын сол тұрғыда өз болмысын таныта алaтын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерeкше мән бeрілуі керeк. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы,1995 жыл 2. “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 жыл 3. «Бала мен балабақша» журналы № 11,2011жыл 4. «Отбасы және балабақша» журналы №5,2011 жыл

2016-10-07 12:42:14

Скачать Смотреть

Аққу қаздар

«Аққу-қаздар» ойыныОйынға қатысушы балалардың біреуі «қасқыр», екіншісі «құс бағушы» болады. Қалған балалардың бәрі «аққу-қаздардың» рөлін ойнайды. Балалар үлкен алаңға шығады. Алаңның оң жағында құс бағушы мен аққу-қаздар тұратын жер сызықпен білгіленеді. Сол жақта қасқыр жасырынады. Ойын басталғанда құс бағушы аққу-қаздарды далаға шығарып жібереді. Аққу-қаздар сызықтан асып, алаңның ортасында жайылып жүреді. Қасқыр әзірше қозғалмай отырады. Біраз уақыттан кейін құс бағушы қыздарды шақырады: - Қаздар, қаздар, қаңқылда! - Қулар, қулар, сұңқылда! - Тойдыңдар ма далада? - Иә, иә, иә. - Қыр астында қасқыр бар, - Үйге қарай қашыңдар! Осы соңғы сөз айтылған кезде ғана қасқыр қаздарды қуалауға ұмтылады. Аққу-қаздар үйге сызықпен белгіленген жерге қашады. Қасқыр оларды ұстауға тырысады. Ұсталғандар ойыннан шығып қалады.

2016-10-07 12:26:12

Скачать Смотреть

Технологическая карта Образовательная область : русский язык Группа : ІІ-младшая Тема : Одежда и обувь

Цель:Познакомить детей ІІ-младшей группы с одеждой и обувью.Учить правильно различать одежду от обуви. - Задачи: -Учить слова,обозначающие одежду и обувь на русском языке,отвечать на вопросы полными предложением,упражнять в правильном употреблении местоимений мой,мая,мое и предлога на. -Развивать слуховое внимание,словесно-логическое мышление.Закрепить правильное произношение гласных звуков. -Воспитывать аккуратность ,бережное отношение к вещам.

2016-04-26 05:28:10

Скачать Смотреть

Білім беру салалары: Таным. Шығармашылық Бөлімдері: Сенсорика. Сурет салу Тақырыбы: Айжанға арналған әуе шарлары

Мақсаты: Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын арттыру, ойын кейіпкерлеріне көмектесуге ниеттендіру. Міндеттері: 1. Білімділік: Балаларға губка арқылы бастырып сурет салуды үйрету. Негізгі түстер: «қызыл», «жасыл», «сары», «көк» түстерді және «үлкен», «кіші» түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру. 2. Дамытушылық: Балалардың ұсақ саусақ моторикасын және есте сақтау, қабылдауларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Балаларды тәрбиешіні мұқият тыңдай білуге, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

2016-04-26 04:39:40

Скачать Смотреть

Білім беру салалары:Таным. Бөлім: Экология негіздері. Тақырып: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты:Балаларға құстар туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік.Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде қараторғаймен таныстыру. Дамытушылық: Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелеу:Табиғатты аялауға,құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

2016-04-25 11:17:04

Скачать Смотреть

Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптаcтыру. Тақырыбы: 7 санымен және құрамымен таныстыру.

Тақырыбы: 7 санымен және құрамымен таныстыру. Мақсаты: 7 санымен қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып 7 санымен таныстыру. Міндеттері: Білімділік: 7 саны және цифрын енгізу, цифр мен заттың санын сәйкестіруді үйрету, санды және реттік санау дағдысын жетілдіру. Дамытушылық: Балалардың зейіні, сандарды салыстыру, ауызша есептер шығара білу, логокалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Бір-біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу.

2016-04-25 11:15:13

Скачать Смотреть

Білім беру салалары:Таным. Бөлім: Экология негіздері. Тақырып: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты:Балаларға құстар туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік.Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде қараторғаймен таныстыру. Дамытушылық: Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелеу:Табиғатты аялауға,құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

2016-04-25 11:07:42

Скачать Смотреть

Отбасы күні

Отбасылық күні «Балдырған» балабақшасында ,балабақша меңгерушісі З.Суйгенбаеваның баяндамасынан «Отбасы -бала тәрбиесінен қайнар көзі» басталды.Бұл тақырып бойынша орыс тілі мұғалімі Карсембаева Д.А «Менің отбасым» оқу іс -әрекетін өткізді. Ата-аналардың көмегімен фотосуреттер жинағы жасалынды.

2015-10-12 09:23:11

Скачать Смотреть

«Happy childhood»

«Happy childhood» The first day of summer is always associated in our minds with the International Children's Day, with bright colors and with fairy tale. This year was no exception. At the square of Independence where was a feast of festive atmosphere reigned. Fancy kids surrounded by fantastic characters plunged into the wonderful world of holiday. The concert program, sports events, games, nobody is left behind. Children from our kindergarten (Kenesbay Arina, Askarovа Karina, Sovet Mаdi, Askarovа Diana,Myrzahan Narken, Amanboldy Arslan, Toropchina Amina,Muratbek Alinur) without worrying able to ignite with their dance "Rock 'n' Roll" .This year, the holiday coincided with a day of milk, all participants received gifts from the Milk Fairy. Emotions overflowed kids in this unforgettable day.

2015-06-01 09:30:22

Скачать Смотреть

Бақытты балалық шақ

«Бақытты балалық шақ» Жаз мезгілінің шуақты алғашқы күні бала кезімізден 1- маусым «Балаларды қорғау» мерекесі, ертегілер, қиял ғажайыптарымен санамызда қалыптасып қалған. Бұл жылы да мереке Тәуелсіздік алаңында мерекелік көңіл - күймен өз жалғасын тапты. Таңғажайып ертегілер әлемінен келген кейіпкерлері, гүлдей құлпырған, әдемі бүлдіршіндерді, қызықты ойындар мен эстафеталық жарыстарға тартты. Келесі кезекте мерекелік концерт өз шымылдығын ашты. Онда балалар биден , әннен шашу шашты. Біздің балабақшамыздың тәрбиеленушілері: (Муратбек Алинур, Кеңесбай Арина, Аскарова Карина, Совет Мәди, Аскарова Диана,Мырзахан Наркен,Аманболды Арслан, Торопчина Амина) Рок-н-ролл биімен көрермендерді тамсандырды. Бұл мереке «Балқаш сүт» ЖШС – ның «Сүт күнімен» ұштастырып, бүлдіршіндер мен көрермендерге «Сүт ханшайымы» сүт өнімдерін таратты. Мереке өте көңілді, қызықты, мағыналы, есте қаларлықтай болып өтті

2015-06-01 09:29:03

Скачать Смотреть

Счастливое детство

«Счастливое детство» Первый день лета всегда ассоциируется в нашем сознании с Днем защиты детей,яркими красками,сказкой. Этот год не стал исключением. На площади Тәуелсіздік, где проходил праздник царила праздничная атмосфера. Нарядная детвора окруженная сказочными персонажами окунулась в удивительный мир праздника. Концертная программа ,спортивные соревнования, игры, никто не остался в стороне. Воспитаники нашего сада (Муратбек Алинур,Кенесбай Арина,Аскарова Карина,Совет Мәди,Аскарова Диана,Мырзахан Наркен,Аманболды Арслан,Торопчина Амина) ни чуть не волнуясь, сумели зажечь со своим номером «Рок-н-Ролл».В Этом году этот праздник совпал с днем молока,все участники получили подарки от молочной Феи. Эмоции переполняли малышей в этот незабываемый день .

2015-06-01 09:27:37

Скачать Смотреть

Менің Отаным - Қазақстан.

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан. Мақсаты: Білімділік: Балаларға «Отан», «туған жер», «менің қалам» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін қалыптастыру Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қостілділік: Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша, әңгіме құрастыру, сүрақ - жауап. Сөздік жұмыс: Республика, рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс тұлпар, бәйтерек сөздері алынады. Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздері, қазақ үйі

2015-05-19 10:59:01

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 соңғысы