Category: Все

8-11 сынып қыздарымен өткізген «Жылы жүрек- жақсы тілек» атты психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 5.04.23 күні мектеп психолгі 8-11 сынып қыз балаларымен «Жылы жүрек- жақсы тілек»» атты тренинг өткізді. Мақсаты: Қыздардың психологиялық көңіл- күйлерін көтеру,өздеріне құрметпен қарауға баулу,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату. Қыздар тренинг басында әр түрлі түстерді таңдап алды және сол түске орай сипаттамалар айтылды. «Жүзіктегі жазулар» атты ертегі терапиясында мәтінге байланысты өсиет сөздерді жазды. Соңында «Жақсы мінез – адам – өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екені түсіндірілді.

2023-04-11 10:40:32

To download To watch

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға 1 ай қалғанда» тақырыбында өткізілген психологиялық тренинг ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 04.04.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларымен өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға , өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамытуға , көңіл-күйін көтеру мақсатында психологиялық тренинг өткізді. Жағымды қарым - қатынас, достық сезім қалыптастыруға «Достық торы», «Сәлемдесу» жаттығуларды орындалды. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынамасы таратылып , талқыланды. «Менің жарқын үміттерім, менің қауіп - қатерлерім» атты бөлімде оқушылар өздерінің ҰТБ - ға байланысты өз ішкі сезімдерін жазды. Талапкерлердің бойындағы уайымды, жан күйзелісін, қорқыныш пен үрейді төмендету үшін өткізілген тренингке оқушылар белсене қатысты.

2023-04-07 12:27:03

To download To watch

«Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиналыс ақпараты

03.04.23 күні мектебімізде «Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» , «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында Балқаш қаласы полиция бөлімі ЭҚІҚБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кусайнов С.А,Балқаш қаласы ПБ ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шәкарім Н.Е., Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек А.А., 8-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Оқушылардың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы,түнгі уақыттағы заңды өкілінсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ,түнгі уақытта ойын –сауық жерлерінде, кафелерде, саябақтарда жүруі, ұсақ бұзақылық, сабақты себепсіз босатуы,жайында тоқталды. Нашақорлықтын алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз екенін айтты. «Жалған терроризм» үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» қазіргі таңда жалған ақпараттар беріп, елді дүрліктіретіндер кездесіп жатады. Оның ішінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарында тұр. Технология дамыған мына заманда жалған хабарды жеткізген адамның мекенжайы мен жеке басын анықтау қиын емес. Атап өтер болсақ, мұндай құқық бұзушылықтар қоғамдық резонанс тудырады. Сонымен қатар көбінесе жалған хабарламаларды мас халдегі ересектер немесе кәмелетке толмаған жасөспірімдер қасақана жасайтындығын ескертті.

2023-04-03 17:10:32

To download To watch

Ақпарат

28- наурыз 2023 жылы мектебімізде өндірістік жиналыс болып өтті. Жиналыста мектеп директоры Жолдасова Дина Турсыновна «Қызметтік этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басым шарты» тақырыбында мағлұмат берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім- тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсақытында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесс екеніне тоқталып өтті.

2023-03-29 09:51:38

To download To watch

Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі

Мектебімізде 27.03.2023 күні Адал Ұрпақ клубы жоспарына сәйкес 10-сынып жетекшісі Абаканова А. “Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі” тақрыбында оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. @umckrg @goroo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2023-03-28 17:20:34

To download To watch

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2023-03-17 09:26:49

To download To watch

№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.03.23 күні өткізілген ата –аналар жиналысының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.05.23 ж. күні 5-10 сыныптың ата –аналарына ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыста қала прокурорының прокуроры , Д. Куанышбеков құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанов, Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігері- эпидемиолог А Абдолдаева, мектеп психологі Р.Сатимбекова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова қатысты. Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер төмендегідей: 1.«Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасының 2.«Зиянды әдеттердің алдын алу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң» 3.«Көктем мезгіліндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері» 4.Жасөспірімдердің нашақорлығы - қазіргі қоғамның қасіреті 5. Буллинг және оның алдын алу сұрақтары қамтылды. Ата- аналарға қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтары қамтылды.

2023-03-15 10:59:11

To download To watch

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты буктрейлер сайысының ақпараты

Мектепішілік «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3-6 сыныптар арасында «Менің сүйікті кітабым» атты буктрейлер сайысы өтті. Сайыс жүлдегерлері: 1 орын 3 Б сынып оқушысы Қайдар Айдана, 5 А сынып оқушысы Сапар Ернат. 2 орын 3 А сынып оқушысы Жалғас Жарас, 4 Ә сынып оқушысы Бейсен Айзере, 6 А сынып оқушысы Қайсарұлы Нұрасыл, 5 Ә сынып оқушысы Қанатқызы Аяулым. 3 орын 3 Б сынып оқушысы ақылбаева Мадина, 5 Б сынып оқушысы Назым Қайратқызы, 6 Б сынып оқушысы Досымбекова Даяна, 6 Ә сынып оқушысы Мұқатай Камила. Құттықтаймыз! #oqu_agartu_ministrligi;#RUMCDOMONRK#ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК#karagandyoblysybilimbaskarmasy#balkash_qalasy_bilim_bolimi@uo.krg@umckrg @g.kozhakhmetoova

2023-03-13 15:43:49

To download To watch

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Шоқтығы биік Шоқан» атты қойылым сайысының ақпараты

09.03.23 - 10.03.23 күні №9 ЖББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-10 сыныптар арасында «Шоқтығы биік Шоқан» атты қойылым сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа белсене қатысып, тамаша өнер көрсеткен 9 А және 8 В сынып оқушыларын айырықша атап өтуге болады. Атап айтсақ: 8 В сынып Бас жүлде 9 А сынып 1 орын 9 Ә сынып 2 орын 7 Ә, 7 Б сыныптары 3 орынға ие болды.Құттықтаймыз! #oqu_agartu_ministrligi;#RUMCDOMONRK#ҚРБҒММОНРК#РУМЦДОМОНРК#karagandyoblysybilimbaskarmasy#balkash_qalasy_bilim_bolimi@uo.krg@umckrg@g.kozhakhmetoova

2023-03-13 12:38:51

To download To watch

№9 жалпы білім беретін мектебінде 9-11сынып оқушыларына арналған "Буллинг менің мектебімде емес!" тақырыбында зум желісі арқылы өткізілген облыстық вебинар ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 9.03.2023 күні 9 -11сынып оқушыларына арналған "Буллинг менің мектебімде емес!" тақырыбында зум желісі арқылы облыстық вебинар өтті. Вебинар барысында тақырыпқа сай бірнеше видео көрсетіліп, талқыланды. #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova #алғысымызшексіз, #algysymyzsheksiz #арамыздағыбатырлар, #aramyzdagybatyrlar

2023-03-10 02:43:01

To download To watch

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Акт проведения

2023-03-07 10:50:57

To download To watch

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2023-02-28 14:08:12

To download To watch

First 1 11 12 13 14 15 61 Last