Жаңа форматтағы педагогикалық кеңес.

Жаңа форматтағы педагогикалық кеңес.

29.10 күні лицейде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың сапасын инновациялық бағытта дамыту» тақырыбында кезекті ерекше  жаңа форматта педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңеске 62 мұғалім қатысты. Педагогикалық кеңес «Кейс»  әдісі түрінде өтті. Дайындық барысында лицей педагогтарынан алынған «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін анықтау» сауалнамасы бойынша мәселелер алынып, топтық жұмыстарда талқыға салынды. «Жаңалықтар жаршысы»,  «Ішкі және  сыртқы шеңбер» «Баспалдақ»  әдістері бойынша мұғалімдер жаңартлыған білім мазмұнындағы оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері, ҚМЖ -дың  мазмұнын, жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі туралы пікірлесіп,  ақылдасып өз ойларын ортаға салды.   «Оқытудағы инновациялық әдістердің тиіміділігі» тақырыбында Стамбекова Ш.Д.  өз тәжірибесімен бөлісіп, кітапшалар таратты. "Кейс" форматында өткізілген  кеңес ауқымды мәселелердің жауабын  ашып берді.

Педагогикалық кеңесте лицейдің І тоқсан бойынша білім сапасы сараланды.  Педагогикалық кеңесті шығармашылық топ және  ДӘІЖО Ш.Т. Жаксыгелдина  ұйымдастырып өткізді. Лицей директоры К.Т.Рахимберлина педагогикалық кеңесті  жағымды жаңалықтармен  қорытындылады.

Дата: 4.11.2019, 8:52 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі