Ақпарат

Ақпарат
Мамыр айының 24– жұлдызында 1-11 сынып оқушыларына арналған «Кемел келешек кілті – білімде» атты оқушыларды марапаттау жиыны өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Д.Жолдасова құттықтау сөзімен бастады. Білім мен ғылымның әр саласында сайысқа түскен, топ жарып көш бастаған шәкірттерге «Үздік оқушы -2024», «Талантты оқушы -2024 », «Бәсекеге қабілетті оқушы -2024», «Жаңа буын көшбасшысы-2024» номинациялары табысталып, «Үздік», «Екпінді» оқушылар марапатталды. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жыл оқушысы-2024», атағына лайықты, «Жыл оқушысы -2024» номинациясымен 10 сынып оқушысы Совет Шүкіролла Алғыс хатпен марапатталды. Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемел болсын!
Дата: 25.05.2024, 9:32 Автор: №9 ОМ