Ақпарат

Ақпарат
«Қазіргі уақытта мектеп қабырғасында күрделі мәселелердің бірі – оқушылардың электронды темекіге әуестігі болып тұр. Бұған қай жастағы балалар әуес десеңіз: жасөспірім 7-11 сынып оқушылары  қызығушылық танытады. Олардың қазіргі жасында физикалық және психикалық-эмоционалдық тұрғыдан өзгерістер болып, сол сәтте  балаларда  еліктеу пайда болады. Мінез-құлықтары өзгереді. Өздерін үлкен сезінгісі келіп тұрады. Осылайша, электронды темекіні тұтынып  жүрген бала  бірте-бірте оған тәуелді болып қалады. Одан кейін ақырындап  кәдімгі  шылымға әуестенуі де мүмкін. Бұл  мәселе бойынша мектебімізде 15.04.2024 күні 7-8 сынып оқушыларына «Темекінің зардабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.  Кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, вейпингке деген теріс көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb
Дата: 15.04.2024, 11:34 Автор: №9 ОМ