«Қазақстанның ең басты құндылығы- Ел Тәуелсіздігі» тәрбие сағатының ақпараты

«Қазақстанның ең басты құндылығы- Ел Тәуелсіздігі» тәрбие  сағатының ақпараты

Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығы қарасаңында жеке тұлғаның бойына ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыру,Отанға, жерге деген сүйіспеншілік сезімді арттыру мақсатында «Қазақстанның ең басты құндылығы- Ел Тәуелсіздігі» тақырыбында 14.12.23  күні ашық тәрбие  сағаты  4 «Б» сыныбында өтті.Тәрбие сағатына  1986 жылдың қайғылы желтоқсан оқиғасындағы  көріністің куәсі болғанмектеп директоры Д. Жолдасова шақырылды. 4  «Б» сынып оқушыларынан құрылған үгіт насихаттау тобы ақпарат беріп, желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдерін  айтты. Келген қонақтар бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді. 

Дата: 14.12.2023, 13:30 Автор: №9 ОМ