Ақпарат

Ақпарат

    Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Ұлттық Мүдде» құндылығын оқушы бойына сіңіре отырып,«Менің отбасым,мектебім жəне елімнің тарихы»,  ақсақалдар және бата беру күні жиын және сынып сағаттары өтті.Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады. Бата берудің мақсат-мазмұны сан түрлі болып келеді. Сонау көне заманнан келе жатқан игі дәстүрге халық ерекше мән берген. Күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ақ бата берудін, алғыс айтудың жас ұрпақты кішілік пен кісілікке тәрбиелеуде айтарлықтай әсері бар.

Дата: 8.12.2023, 13:12 Автор: №9 ОМ