«Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында өткізілген салтанатты жиын ақпараты

«Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында өткізілген салтанатты жиын  ақпараты
23 қазан күні мектебімізде Республика күні – ұлттық мерекесіне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиында мектеп директоры оқушыларды марапаттады. Оқушыларымыз атаулы күнге арнаған әсем ән мен өлеңдерін оқыды.Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн.Елім деп еңіреп,жұртым деп жамырап, жан қиған қазағымыз ежелден еркіндік аңсаған.Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Дата: 23.10.2023, 15:32 Автор: №9 ОМ