№9 жалпы білім беретін мектебінің Ардагерлерге сый – құрмет көрсету іс- шараларының ақпараты 2023-2024 оқу жылы

№9 жалпы білім беретін  мектебінің  Ардагерлерге сый – құрмет көрсету іс- шараларының ақпараты    2023-2024  оқу жылы

Қарты бардың қазынасы бар демекші жыл сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлер мен жылдар жүзіне із қалдырған қарттарға деген  қамқорлық аясы да кеңейе түсуде. ­­­Өмірінің көбі кетіп, азы қалған ардагер қарттарымызға құрмет көрсету – ұлттық дәстүрімізге сай келетін тамаша іс. Үлкенін сыйлап, қариясын құрметтеп өскен қазақылық қанына сіңген дәстүріміз жалғасуда. №9 жалпы білім беретін мектебіне 17 ардагер бөлінген  сыныптар сынып жетекшілермен бірге қайырымдылық жұмыстар көрсетеді. Атаулы күндер қарттарымызға ай сайын  жылдағы әдет бойынша әр сынып жетекшілері мен оқушылары  қарттарымызға өз сый - құрметтерін көрсетіп,  оларды сынып сағаттарына шақырды. Жапырақ жайған бәйтеректей, айналаға жүрек жылуын шашып, мейірімділік пен бауырмалдықтың үлгісін танытып, өркен жайып жүрген қарттарымыз аман болғай.

Дата: 2.10.2023, 11:36 Автор: №9 ОМ