№9 жалпы білім беретін мектебінің 2023-2024 оқу жылының «Мектебім -мейірім мекені» атты салтанатты жиынның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінің 2023-2024 оқу жылының «Мектебім -мейірім мекені» атты салтанатты жиынның ақпараты
Жалпы білім беретін №9 мектебінде 1 қыркүйек – Білім күнін және «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Балқаш қаласы Әкімінің орынбасары Сыздыков Руслан Косемгалиулы, Балқаш қаласы білім бөлімінің бас маманы Садвакасова Ольга Константиновна қатысты. Мерекелік жиында мектеп директоры Д.Жолдасова бүлдіршіндерді құттықтау сөзімен бастап, өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталды. Мектеп табылдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндер өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті. Алғаш мектеп ұясына енгелі отырған бүлдіршіндерімізге қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарың оң болсын! Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз! Бүгінгі жастар –еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы деген үмітпен алтын ұя мектебіміздің табалдырығын аттады. @uo_krg@#balqash_qalasy_ bilim_bolimi#ҚОББтәрбие
Дата: 1.09.2023, 12:36 Автор: №9 ОМ