«Балқаш – таза қала!» сенбіліктің өткізілуі туралы ақпарат

«Балқаш – таза қала!»   сенбіліктің өткізілуі туралы ақпарат

Жас ұрпақты тазалыққа, қоршаған ортаны сақтауға шақыру мақсатында 

20. 05.23  «Таза қала!»акциясы ұйымдастырылып сенбілік өтті.Сенбілікке     ұстаздар, кіші қызметкерлер қатысып, мектеп   айналасын қоқыстан тазалап, ағаштардың  түптері әктеліп, қопсытты. Халықтың мерейін тасытатын да, көңілін жасытатын да тұрғылықты жерінің келбеті мен тазалығы.Тазалық болмай қоғамның салауатты бола қоюы да екіталай. Сол үшін тазалықты сақтауда тек тиісті сала жұмысшылары ғана әрекет етпеуі керек. Себебі, қала тазалығы үшін тұрғындардың барлығы да жауапты әрі қоршаған ортаны қорғау, оны ластамау - әрбір адамзат баласының азаматтық борышы. Сенбілікке мектеп ұжымы бір кісідей ұйымшылдықпен қатыса білді.

Дата: 22.05.2023, 17:27 Автор: №9 ОМ