«Жасыл мекен» Республикалық челленджі

«Жасыл мекен» Республикалық  челленджі

  13.05.23 күні  «Жасыл мекен» Республикалық  челленджін қолдап «Біз болашаққа жауаптымыз» ұранымен №9 жалпы білім беретін  мектебінің парламент ұйымы, мектеп түлектері, ата- аналар, ұстаздар  мектеп маңына ағаштар отырғызды.  

«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге,  адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.  Көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

Дата: 15.05.2023, 9:30 Автор: №9 ОМ