Домбырашылар челлендж

Домбырашылар челлендж

Тарихи тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.Мерекеге орай 17.03.23 күні Домбырашылар челленджі – еліміздің барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылды. Біріктіретін мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің Отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыратын кең ауқымды республикалық акцияға  оқушылар, ұстаздарымыз қолдап қатысты. 

Дата: 17.03.2023, 15:05 Автор: №9 ОМ