«Бала және Бағдаршам» жобасы

«Бала және Бағдаршам» жобасы

   02.03.23 күні«Бала және Бағдаршам» жобасы аясында Балқаш қаласы  ЖПКБ ЮПТ  учаскелік полиция аға  лейтенанты  Нұрбек Аян Алтайұлы   №9  мектептің оқушыларымен кездесу жиынын өткізді. Тәрбие сағатында балаларға барынша түсінікті ету мақсатында инспектор жол ережесіне арналған суреттерді көрсету арқылы ақпараттар беріп, балалардың жолда жүру ережесін есте сақтап қалуына, жол белгілерінің неше түрі бар екенін, оны не үшін білу қажеттілігіне тоқтап, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға шақырды. Бұл іс-шараның жалғасы әлі де жүргізіле беретін болады.

Дата: 2.03.2023, 17:17 Автор: №9 ОМ