«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ өрт қауіпсіздігі бойынша іс-әрекеттер туралы ақпараты

«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ  өрт қауіпсіздігі бойынша іс-әрекеттер туралы ақпараты

17 қараша  күні мектебімізде өрт болған жағдайда эвакуациялау оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу - жаттығуға дайындық кезінде алдын-ала мектебіміздің азаматтық қорғаныс басшылық құрамымен, комиссия мүшелерімен іс-әрекет жоспары таныстырылып, міндеттер қойылды. Яғни жаттығу орнын дайындау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, нұскаулықтармен таныстырылды. Оқушылармен мектеп кызметкерлері  қауіпсіз аймаққа шығарылып, сыныптар бойынша түгенделді. Жаттығуда мектеп басшылығымен талқыланып, жіберілген кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды. Оқу - жаттығуға І ауысымда 378 оқушы,  40 мектеп ұстаздары,15 кіші қызметкер қатысты. ІІ ауысымда  241 оқушы, 32 мектеп ұстаздары, 15 кіші қызметкер қатысты.

Дата: 17.11.2022, 10:34 Автор: №9 ОМ