№9 жалпы білім беретін мектебінің Діни экстермизм мен терроризмнің алдын алу бойынша өткізілген іс-шараның ақпараты

   №9 жалпы білім беретін мектебінің Діни экстермизм мен терроризмнің алдын алу бойынша өткізілген іс-шараның ақпараты

Мектебімізде 10.11.2022 күні  Діни сауаттылық және діни экстремизмнің алдын алу іс-шараларының аясында «Балқаш қаласының Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» теологі  Кудайберген Жандос пен кездесу өтті. Кездесуге 9-11 сынып  оқушылары қатысты. Оқушыларға  қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде сөз қозғалды. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламторға торға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті. Сонымен қатар жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мағұлматтарын алды.

Дата: 10.11.2022, 13:59 Автор: №9 ОМ