« Отан қорғаушы-22» тақырыбында ерлік сабағы өтті.

 « Отан қорғаушы-22» тақырыбында ерлік сабағы  өтті.
№9 жалпы білім беретін мектебінде 14.10.22 күні Республика күні қарсаңында тәжік – ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен « Отан қорғаушы-22» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағына қаламыздың тәжік ардагерлері : Хамитов Алдияр Сайлауханович, Омирзаков Ергали Оразгалиевич, ПВО- әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Айдар Нұрсұлтан Өсербайұлы қатысты. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп, қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие берумақсатында ұйымдастырылды.Ерлік сабағында қарулы қақтығыс жайында естеліктер айтылып, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Оқушылар көптеген сұрақтарға жауап алып, пікірлерін ортаға салды. #республикам_менің #Қазақстан_Республикасы #туған_жер@uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #@umckrg#ҚОББтәрбие#баларжилы09 #Республикакүнібілім09
Дата: 14.10.2022, 20:58 Автор: №9 ОМ