«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында ардагер — ұстаздармен сыр- сұхбат шарасының ақпараты

«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында ардагер — ұстаздармен сыр- сұхбат шарасының ақпараты
№9 жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай, өңірімізде жетістік пен табысқа жеткен адамдардың өмірін насихаттау және кәсіби бағдар беру мақсатында «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында ардагер — ұстаздармен сыр- сұхбат шарасы ұйымдастырылды. «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз», - деп, Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген сыр – сұхбаттың қонақтары — ардагер ұстаздарымыз, Балқаш қаласының құрметті азаматы, қалалық аналар кеңесінің төрайымы, Сыздықова Шайзада Рысқұловна, еңбек ардагері Верещагин Вадим Васильевич қатысты. Көпшіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолы көпке үлгі -өнеге. Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырды. Верещагин Вадим Васильевич оқушыларға «Қолөнер – сырлы өнер» көрмесін ұсынды.Осындай ардақты да аяулы ұстаздардан үлгі-өнеге алған біздер сіздердің сенімдеріңізден шығып, талай биіктерді бағындырамыз деп оқушылар сенімдерін білдірді. Ардагер –ұстаздардың сұхбатынан кейін оқушылар ерекше бір сезімде болды. @uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #@umckrg#ҚОББтәрбие#баларжилы09
Дата: 10.10.2022, 18:21 Автор: №9 ОМ