№9 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып түлектеріне арналған «Сәт сапар, жас түлек!» атты мерекелік жиынның ақпараты

№9 жалпы білім беретін  мектебінің 11 сынып түлектеріне арналған  «Сәт сапар, жас түлек!» атты мерекелік жиынның ақпараты

Жалпы білім беретін №9 мектебінде түлектер үшін «Сәт сапар, саған жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. 2021-2022 оқу жылындағы 23 түлектің жетістіктерін айтып қарсы алынды.Мерекелік жиынға"Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы Булекова А.А. қатысты.Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды.Мектеп директоры Д. Жолдасова   11 сынып түлектеріне құттықтау тілегін арнады. Мерекелік жиында 1 сынып  бүлдіршіндері  түлектерге арналған тілектерін тарту етті. 11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, ұстаздарға  алғыс білдірді. Жиын соңында, соңғы қоңырау соғу салтанатын 11 сынып оқушылары Мади, мен Бурибаев Олжасқа және 1 сынып оқушылары Асылхан Сезім,Кулджан Айсанаға   тапсырылады. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді.

#балаларжылы09#соңғықоңырау09#ҚОББтәрбие @@uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolimi#

Дата: 27.05.2022, 13:01 Автор: №9 ОМ