«Таза аула» акциясына қатысу

 «Таза аула» акциясына қатысу
Мектебімізде 30.03.22 күні «Таза аула» акциясы өтті. Мектептің әкімшілігі, ұстаздар,кіші қызметкерлер мектеп ауласын тазалауға шықты.Халықтың мерейін тасытатын да, көңілін жасытатын да тұрғылықты жерінің келбеті мен тазалығы.Тазалық болмай қоғамның салауатты бола қоюы да екіталай. Сол үшін тазалықты сақтауда тек тиісті сала жұмысшылары ғана әрекет етпеуі керек. Себебі, қала тазалығы үшін тұрғындардың барлығы да жауапты әрі қоршаған ортаны қорғау, оны ластамау - әрбір адамзат баласының азаматтық борышы. Мектептің ауласы күл-қоқыстан тазартылып, ағаштардың түптері әктеліп, қопсытылды. @uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие
Дата: 30.03.2022, 14:34 Автор: №9 ОМ