«Бесікке салу» дәстүрі

«Бесікке салу» дәстүрі

Дүниеге сәби келгенде,ата-анасының бақыты басқа,қуанышы көл! Жас сәби мен анасына арналған шілдехана тойында,бөбекті бал бесігіне салады.Ауылдың бар баласы жиналып тыштымаға таласып,тәттіден ауыз тиген соң,бесік жабдықталады.Жөргегі,жастығы,қол бауы,жаялығы,көрпешесі салынып,ырымдап үкі тағылған бесікті әжесі аластап дайындайды,анасы шүмегін майлап,жастығының астына нан,айна,тарақ ,пышақ қойып ырымдап болған соң бөбегін бесікке салады. «Салт -дәстүрім таусылмайтын байлығым» тақырыбында «Бесікке салу» дәстүрін 9-сыныптар жалғастырды. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу,құрметтеу мақсатында ұйымдастырылды.@umckrg  @goroo_krg

Дата: 18.03.2022, 14:22 Автор: №9 ОМ