Көрісу мейрамы

Көрісу мейрамы

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бүгін – ежелден келе жатқан төл мерекеміз, халықты береке-бірлікке, татулыққа бастайтын көрісу күні мектебімізде   аталып өтті. 1-11 сынып оқушылары ,ұстаздар қазақтың ұлттық киімдерін киіп сәлемдесу түрлерін көрсетті. Салт-дәстүрді нақыштау, үлгі-өнеге көрсету мақсатында көріністер көрсетілді. Баршаңызды  мерейлі мейрам – Көрісу күнімен құттықтаймыз! Бейбіт және бақытты өмір, жақындарыңыздың аман-саулығын, әрбір оң бастамаларыңызда тек сәттілік пен жетістіктер тілейміз! @umckrg  @goroo_krg

Дата: 14.03.2022, 16:43 Автор: №9 ОМ