Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар! Балқаш қаласының білім бөлімі 6 жастағы балаларды 1 сыныпқа қабылдауды жалғастырып жатқаны туралы хабарлайды. 6-7 жастағы балалар контингентінің 97% - ы мекемелердің жобалық қуатына сәйкес жалпы білім беретін мектептерге қабылданды. Құрметті ата-аналар, 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып 31 шілдеде аяқталады! Егер Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша мектепке құжаттар тапсыра алмасаңыз, басқа мекемеге өтініш беруіңіз керек. Бүгінгі күні № 1, 4, 5, 8, 9, 15 жалпы білім беретін мектептерде, сондай-ақ Қоңырат шағынауданы және Саяқ кентінің мектептерінде орындар бар. Сондай-ақ, қаладағы мектеп-интернаттарға бірінші сыныпқа қабылдау жүріп жатқанын хабарлаймыз. Құжаттарды қабылдау тікелей осы ұйымдарда жүргізіледі. Білім бөлімі білім беру ұйымдарына қабылдау ережесінің өзгеруіне байланысты 1 тамызда 1 сыныпқа қабылдау толығымен аяқталатынын хабарлайды. Сіздерді балаларыңыздың мектепке уақытылы қабылдануына қолдау жасауға шақырамыз!
Дата: 23.07.2021, 19:27 Автор: №9 ОМ